Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Ақтау қаласының 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мерекелік жиынға жиналғандар қатарында Ақтаудың бой көтеруіне, республикамыздың дамуына үлес қосқан сала ардагерлері, қаланы басқарған әкімдер де болды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерейтоймен құттықтады.
Ақтау қаласының 60 жылдығына орай қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 60 азамат мерекелік медальмен марапатталды.
Олардың қатарында Ақтаудың алғашқы кірпішін қалаған құрылысшы, алғашқы ұстаз, энергетика, мұнай саласының ардагерлері, дәрігер, журналист, көше тазалаушы, мемлекеттік қызметкер, мүгедек жандарды жұмыспен қамтып отырған әлеуметтік кәсіпкерлер мен меценаттар да бар.
1959 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығына сәйкес Гурьев облысы Шевченко ауданы Ақтау кенті құрылды. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 10 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Ақтау қалалық үлгідегі кент қала мәртебесіне ие болып, Ақтау қаласы деп атала бастады. Қазақстанның басқа ешбір қаласына ұқсамайтын, түбектің өзінен өндірілетін ақ ұлутастан қашалып, әсем шаһар бой көтерді.
#republicday