Бүгін, 19 қазан күні Ақтауда 13 шағын ауданда магистральдық ауыз су құбырындағы авариялық жөндеу жұмыстарына байланысты ауыз су өшіріледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"КЖСА" МКК тарапынан
магистральдық ауыз су құбырында авариялық жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты 19.10.23 ж. сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Ақтау қаласының келесі аталған шағын аудандарда ауыз судың өшірілетінін хабарлаймыз:9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 23, 24, 26, 27, 28, 28а. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз",- делінген "КЖСА" МКК хабарламасында.