Бұл туралы ҚР ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов Маңғыстау облысының барлық деңгейдегі сайлау комиссияларыны мүшелерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өз сайлау округінде сайлаушылардың көпшілік дауысын жинаған үміткер сайланған болып саналатын мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша өтеді.
- Өздеріңіз білетіндей, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен облыстық мәслихат депутаттарының 50% - ы мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Егер бұрын олар Мәжілістің немесе мәслихаттың заң шығарушы органына тек партиялық тізімдер негізінде түсе алатын болса, енді ҚР Конституциясы мен сайлау туралы Заңның талаптарына сәйкес келетін әрбір азамат өз кандидатурасын ұсына алады. Осы тұста саяси бәсекелестік те өріс алады. Мәжілістегі 29 депутаттық орынға барлығы 609 бір мандатты кандидат ұсынылды. Әртүрлі себептерге байланысты олардың саны азайғанымен, үміткерлер арасында жоғары бәсекелестік орын алады. Бұл сайлаушылардың белсенділігінің артуына ықпал етеді. Себебі, әрбір кандидаттың артында оны Мәжілістің, мәслихаттың депутаты ретінде көргісі келетін оның әлеуетті сайлаушысы тұр, - деп атап өтті ҚР ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов.