Тексеру кезінде полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының тұрғындарын қоғамдық орын тәртібін бұзғанын анықтады, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігіне және 434-2-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олар Ақтау қаласының 4-ші және 1-ші шағын аудандардағы жағалау аумағында теңізге дәрет сындырған. Осы ретте полиция өңір тұрғындары мен қонақтарын жалпы тәртіпті сақтауға және орынсыз жерде қажеттілікті өтемеуге шақырып отыр.