Әлеуметтік желілерде облыс тұрғындары жер сілкінісіне қатысты алаңдаушылықтарымен білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Мен жер сілкінісін сезіндім, бесінші қабатта тұрамын, тіпті бас айналдым, - деп жазады Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінің тұрғыны Анар.
Мамандардың айтуынша, Маңғыстау облысында магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болған. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.
Дүмпулер Астана уақыты бойынша сағат 13:25-те тіркелді. Эпицентрі Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым және Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты.
Айта кетейік, жер сілкінісінен кейінгі залал туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ.