Жыл басынан бері SOS дабыл батырмасы арқылы үш заңбұзушылық анықталған. Құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“Заңға қайшы әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда азаматтар осы құрылғының батырмасын басқан кезде жедел басқару орталығының полиция қызметкерімен дереу байланысуға мүмкіндігі бар. «SOS» түймесін басу арқылы тәулік бойы Жедел басқару орталығына немесе құрылғылар орналасқан жердегі кезекші бөлімге аудио-бейне арқылы қоңыраулар келіп түседі. Құрылғылардың орналасуы бейнебақылаумен жабдықталған, қиын жағдайда бұл кезекші бөлімнің қызметкеріне жағдайды өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді. Құрылғы жерден бір метр биіктікте орналасқан. Оларды тіпті балалар да қолдана алады” дейді Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Ақтауда «SOS» дабыл батырмасы мына мекен-жайлар бойынша орнатылған:
1. Приморский теңіз жағалауы
2. 1 ш/а «Ақбота» паркі
3. 7 ш/а «Мәңгілік алау»
4. 11 ш/а «Ынтымақ» алаңы
5. 15 ш/а «Амфитеатр» теніз жағалауы.
6. 2 ш/а «Алатау »
7. 31ш/а «Ақ базар»
8. 30ш/а «Олжа»
9. 16ш/а «Трк Актау»
10. 31ш/а «Сары базар»