Абай атындағы мәдени демалыс кешенінде «Ерлігі елге мұра» республикалық конкурсы өтті. Конкурста ақтаулық «Колибри» арт студиясының «Колибри» сән театры, «Аққу» ансамблі, «Гранд» би мектебі және «Белль» топтары өнер көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
4 пен 5 жастағы қыздардан құралған «Кішкентай ханшайымдар мектебі» шығармашылық балалар ұжымынан тұратын «Белль» тобы конкурсқа алғашқы рет қатысты. Ханшайымдар «Кішкентай балерина» биін билеп, 1 орынды қанжығаларына байлады.
Респбуликалық конкурс нәтижесі бойынша «Колибри» арт студиясы көптеген марапаттарға қол жеткізді, яғни үш топ Гран при алса, он топ 1-ші орынға, үш топ 2-ші орынға ие болды.
Марапаттар түрлі бағытттар мен жас ерекшеліктеріне байланысты берілді.