Ақтаулық кәсіпкер Евгений Меньшенин африкалық кларий сом балығын өсірумен айналысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
34 жастағы кәсіпкердің балық шаруашылығымен айналысып жүргеніне алты жыл болған. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дархан Абдалиев кәсіпкердің жұмыс барысымен танысты. Балықтарға тапсырыс негізінен қаладағы супермаркеттерден түседі. Орал, Ақсай және Атырау қаласынан тапсырыс беретіндер де бар.
Ол былтыр 27 тонна балық өсірген. Ал биылдан бастап балықтың басқа түрін өсіруді жоспарлап отыр
- Бұл кәсіпті мен әкеммен бірге бастадым, алғашқы екі жыл кәсіпті танып-білумен өтті. Бастапқыда балықты қалай өсіру керек, оған қандай күтім керек деген сұрақтарға жауап іздедік. Кәсіп өзінің жемісін тек үшінші жылы бере бастады. Жалпы «Кларий сом» балығын өсіру тиімді. Себебі бұл балық суды аса талғамайды, әрі тез өседі. Балықты өсіру процесі жабық сумен жабдықтау қондырғысы арқылы жүзеге асады. Балық 26-30 градус аралығындағы жылы суда өседі. Олар арнайы Польшадан әкелінген «Алер-Аква» жемімен қоректенеді. Бұл жем жануар ақуызынан тұрады. Оған ГМО (генетикалық түрлендірілген организм) және өсу гормондары қосылмаған. Біз жылына 27 тонна шамасында «Кларий сом» балығын өсіреміз. Биыл 65-70 тонна көлемінде өсіруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биылдан бастап Тилапия балығын өсіруді жоспарлап отырмыз, - деді Евгений Меньшенин.