Ақтаулық жас жұбайларға бүгінгі Амал мерекесінде неке куәлігі табысталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Некеге тұрған ерлі-зайыпты Самат Сүйіндіков пен Нұрай Еділбаева үшін бүгінгі күн ерекше.
- Неке қию күніміз Амал мерекесімен қатар келіп отырғанына қуаныштымыз. Барша ақтаулықтарға жыл құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді Самат Сүйіндіков.
Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжол Қартбай жас отбасыға батасын берді.
- Жас жұбайларды заңды некелерімен құттықтаймын. Бақытты ғұмыр кешсін! Еліміздің мерейін арттыратын үлгілі отбасы болсын!, - деді Аманжол Қартбай.