Әлеуметтік желілерде жоғары білімді талап ететін, жоғары ақы төленетін жұмыс туралы ұсыныстар көбейген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының хабарлауынша, бұл жұмысты ұсынушылар әдетте интернет дүкендер сайттарының жарнамасын тұрғын үй қабырғаларына графиттік суреттері немесе қағаз жарнамалары түрінде жабыстыруды талап етеді.
Шын мәнінде мұндай жұмыстарды есірткі сатушылары ұсынады және есірткі саудалайтын интернет дүкендерінің жарнамасы болып табылады. Ал бұл қызметтің атауы «наркографитчик».
«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Басқармасы есірткі заттарын заңсыз жарнамалағаны және насихаттағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және ол үшін 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.Сақ болыңыз! Ойланыңыз!», - деп жазылған басқарма таратқан ақпаратта.