Еліміздегі наурызнама онкүндігі бойынша 18 наурыз - Ұлттық киім күні. Ақтау қаласындағы №21 мектептің оқушылары наурыз айы басталғалы ұлттық киіммен жүр. Осылайша оқушылар ұлттық киім эстафетасын барлық білім ордаларына жолдайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектепте 2800-ге жуық оқушы білім алады. Мектеп мұғалімі Айгерім Қожахметованың айтуынша, мектеп ұстаздары мен оқушылары ұлттық киімді наурыз айы басталғалы киіп жүр.
-Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары ұлттық киімді 1 наурыздан бастап киіп жүр. Негізгі мақсат - жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту. Барша ақтаулықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын!, - деді мектеп мұғалімі Айгерім Қожахметова.