Ақтаудың бұрынғы әкімі Ербол Ізбергеновке қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің МО бойынша департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстаудағы монополияға қарсы қызметі "Ақтау электр желілері басқармасы" мекемесінің жұмысындағы заңбұзушылықтарды анықтаған. Кәсіпорынның құрылтайшысы - Ақтау әкімдігі. Экс-әкім сол үшін жауапкершілікке тартылған.
"Ақтау электр желілері басқармасы" мекемесі қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып, бәсекелестік ортадағы кейбір қызмет түрлерін көрсеткен.
Іс-әрекеттерімен кәсіпорын кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесіне нұқсан келтірген.
– Сонымен қатар нарыққа электр энергиясын есепке алу аспаптарын жеткізгісі келетін "Вавиот Азия" ЖШС-не қатысты тауар нарығына қол жеткізуге кедергілер жасау фактілері анықталды. Алайда мекеме негізсіз дәлелдерге сілтеме жасап және бюрократия құру арқылы тауарды нарықта сатуға мүмкіндік бермеген. АЭЖБ мемлекеттік кәсіпорнының құрылтайшысы - Ақтау әкімдігі. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органның атына АЭЖБ-ға ұйғарым шығарылды, - делінген хабарламада.
Осыдан кейін әкімдік департаменттің талаптарымен келіспей, актіні орындаудан бас тартқан. Осыған байланысты Ақтаудың бұрынғы әкіміне монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамағаны үшін хаттама толтырылған.
– Ақтаудың экс-әкімі монополияға қарсы органның дәлелдерімен келіспей, Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жүгінді. Сот ұйғарымымен шағым қабылданбады. Монополияға қарсы органның қаулысы орындалмағандықтан мемлекет кірісіне салынған айыппұлды өндіріп алу бойынша мәжбүрлеу шаралары қабылданды. Бүгінгі күні нұсқаманың талаптары орындалды, әкімшілік айыппұл өндірілді. АЭЖБ хабарламасы толық көлемде орындалды, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске салайық, күзде Ақтау әкіміне 172,5 мың теңгеге айыппұл салынды.
Сот әкімнің жер учаскені нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартуын заңсыз деп танып, Ізбергеновті жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдауға, яғни бір ай ішінде ЖШС пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеді.