Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Дамир Нұрланов пен Азамат Жолжан халықаралық «Туймаада» оқушылар олимпиадасының женімпаздары атанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтаудағы НЗМ мәлімдеуінше, халықаралық «Туймаада» оқушылар олимпиадасы 5-6 шілде күндері математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша онлайн, оффлайн форматында өтті.
Дамир Нұрланов олимпиадаға математика пәнінен қатысып, күміс жүлдеге, Азамат Жолжан информатика пәнінен қатысып, қола жулдеге ие болды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты - оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту, ынталандыру, ғылыммен айналысуға қызығушылықты арттыру. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық пен қарым-қатынас нысандарын кеңейту.