Бүгін, 20 желтоқсан күні 8.00-де №2 Ақтау қалалық емханада жылу батареясы жарылып, ғимарат ыстық су астында қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша емхананың 2-қабатындағы жылу батереясынан атқылаған ыстық судың салдарынан ғимараттағы тоқ тұйықталған.
Ал №2 Ақтау қалалық емханасы науқастың бірі абайсызда жылу батареясының су, ауа шығаратын бөлігін сындырып алғанын мәлімдеді. Содан кейін ғимарат ішін су басып, 1-блокта жарық пен жылу жүйесін өшірген. Ал қазір жөндеу жүріп жатыр.
- 8 кабинетке электр қуатын беріп тұрған щитке толық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 8 кабинеттің тоғын жөндеу жұмыстары аяқталған соң ақпарат беріледі. Басқа кабинеттер толық жұмысын жалғастыруда, - деді емхана өкілдері.
Махаббат Нұржанқызы