Жолдың жабылуы құбырларды жөндеу мен тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстарымен байланысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“Ақтау қалалық құрылыс бөлімі тапсырысымен 31А шағын ауданындағы тұрғын үйлер мен №30 мектепке жылу қуаттылығын арттыру мақсатында қолданыстағы жылу құбырын жаңарту жұмыстары басталды.
Осыған орай, аталған аумақпен жүретін маршруттардың жүру бағытында уақытша өзгерістер болады” делінген хабарламада.
1) №2 маршруты 31 және 31А шағынаудан арқылы келіп, бұрынғы бағытына (Олжа сауда орталығына қарай) түседі.
2) №5 маршруты 31 және 31А шағынаудан арқылы келіп, бұрынғы бағытына («Нұр Плаза» қонақ үйіне қарай) түседі.
3) №107 маршруты 31 және 31а шағынаудан арқылы келіп, бұрынғы бағытына (Шотан Батыр ескерткішіне қарай) түседі.