Ақтауда 31А шағынауданындағы тұрғын үйлер мен №30 мектепке жылу қуаттылығын арттыру мақсатында қолданыстағы жылу құбырын жаңарту жұмыстары басталды. Осыған байланысты жылу жүйесі мен ыстық су беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нақтыласақ, 03.10.2023 ж. сағат 00:00 бастап 04.10.2023 ж. сағат 20:00-ге дейін 16, 17, 18, 18А, 19, 19А, 20, 20А, Шығыс - 1,2,3, 28 және 35 аралығындағы шағынауданда жылу жүйесі мен ыстық су беру уақытша тоқтайды.