Ақтауда 24-26 тамыз күндері «Газбаллон» бірлескен жедел алдын-алу іс-шарасы өтті. Шараны Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті және Маңғыстау облысы полиция Департаменті ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Іс-шараның мақсаты - тұрғындарға газ жабдықтарын пайдалану бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру. Атап айтқанда жерасты паркингтерінде автомобильдердің тұруына жол бермеу.
Рейд қорытындысы бойынша бұзушылықтың 31 фактісі анықталды. Бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.