Маңғыстау облысында жас мамандардың бастамаларын қолдап, шығармашылығын дамытуға орай 18-35 жас аралығындағылар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық жастар ресурстық орталығына сілтеме жасап.
Жұмысшы жастар арасындағы сайыс өңірдегі жұмысшы жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталмақ көрінеді. Бұл орайда байқауға қатысушылар тек Маңғыстау облысының жұмысшы жас мамандары болуы тиіс екені айтылып отыр. Сонымен бірге, қатысушының бойы 1,75 см жоғары және салмағы 65-90 кг аралығында болуы аса маңызды.
Қатысушылардың қатысу туралы өтінімі 13 қарашаға дейін manqystau_resurs@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
«Жігіт сұлтаны» іріктеу арқылы өткізілетіндіктен әр мекемеден тек 2 қызметкер ғана қатыса алады. Бұл сын 17 қарашада сағат 14.00-де Жастар орталығында өтеді. Қосымша ақпарат үшін: 8 (7292) 60 33 12 (қабылдау бөлімі).