Маңғыстау облысының жастар саясатының тапсырысымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Риза-Ана» қоғамдық қоры Маңғыстау өңірінде «Аймақтағы өндірістік мекемелердегі жас мамандар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында жұмысшы жастар арасында «Қазақша Quiz» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды,деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған шараға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта»АҚ, «ҚазТеңізТрансФлот» ұлттық теңіз кеме жасау компаниясы» ЖШС, «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы АҚ, «Маңғыстау энергоМұнай»ЖШС,»Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС, «ОСКәЖШС, және т.б. кәсіпкорындарының жанынан құрылған жас мамандар кеңесінің 200-ге жуық жас маманы қатысты.
Ойынға жалпы 24 команда бақсынап, 6 кезеңнен тұратын интеллектуалды сұрақтарға жауап берді.Сайыс қорытындысы бойынша «Мұнайтелеком» ЖШС 1 орын, «Қаражанбасмұнай» АҚ командасы – 2 орын, «Қазақ мұнай және газ зерттеу және жобалау институты» АҚ – 3 орынға ие болды. Аталған сайыстың екінші күні бақ сынаған жұмысшы жастар арасынан «ҚБМ» АҚ – 1 орын, «ҚазТрансОйл» АҚ – 2 орын, «ММГ» АҚ – 3 орынға ие болды.