Қала көшелерін жаңа жылдық безендіру үшін былтырғы гирляндаларды, ШАФ (Шағын архитектуралық формаларды) және басқа да әшекейлерді пайдалану жоспарлануда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жылдағы дәстүр бойынша қала аумағында, атап өтсек 11 шағын аудандағы «Ынтымақ» алаңы және Амфитеатр аумағында 2 шырша орнатылады.
«Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында өткен жылғы мерекелік безендірулерді пайдалану туралы шешім қабылданды. Өткен жылғы жаңа жылдық безендіру биылға жарамды. Тұрғындар да бұл шешімді қолдайды деп сенемін»,- деді қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Ғалымжан Серікбаев.
Жаңа жылдық безендіру Тәуелсіздік күнінен кейін басталады.