Бүгін Маңғыстау өлкесінің бас имамы Әнуар қажы Елжанов бастаған Ақтау қаласының және Мұнайлы ауданының дін қызметкерлері "Маңғыстау-Медиа" медиа-орталығының қызметімен жіті танысып, қос тарап дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мен ақпараттық сүйемелдеу бағытындағы баспасөз құралдарының рөлі турасында мазмұнды әңгіме өрбітті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Басқосуда жергілікті мерзімді басылымдарда оқырманға діни дәйекті ақпаратты сауатты мазмұндау, дәстүрлі дінімізді әспеттейтін тәрбиелік мәні зор материалдар ауқымын ұлғайту үшін тығыз байланыс орнату мәселелері сөз болды.
Ізгілік жаршысына айналған дін өкілдері медиа-серіктестікке қарасты 2 облыстық, 1 қалалық және 5 аудандық баспа басылымдарын ұдайы назарда ұстап, өлкенің ақпараттық кеңістігіндегі өзекті дүниелерді зерделеп отыратындығын жеткізді. Сондай-ақ келер жылдан бастап жергілікті газеттердің мазмұны дәстүрлі дініміздің құндылықтарын насихатттайтын тағылымды туындылармен толығатындығы мәлім болды.