Учаскелік полиция инспекторлары Ақтау қаласы аумағында заңсыз сауда фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды үнемі жүргізеді. 4 қаңтарда полиция қызметкерлері 15 шағын аудандағы теңіз жағалауы мен "Ынтымақ" алаңындағы сауда-саттық орындарын тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, рейд нәтижесінде кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүзеге асырған 10 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (белгіленбеген орындардағы сауда) бойынша әкімшілік хаттама және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) 1 хаттама жасақталды.