ҚР Парламентінің Сенат депутаттары Серікбай Трұмов, Сүйіндік Алдашев пен Маңғыстау облыстық маслихатының хатшысы Нури Тумышев Мұнайлы ауданына іс-сапармен барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Депутаттар Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиевпен бірге Қызылтөбе ауылдық округінде салынып жатқан газ құбырлары мен 1200 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ Маңғышлақ ауылдық округіндегі 24 пәтерлі төрт қабатты жалға берілген 30 үйдің орналасқан нысаны бойынша электрмен жабдықтау жұмысымен танысып шықты.
Жоспар бойынша үш ауысымды оқуды азайтуға арналған мемлекеттік мектептің құрылыс жұмысы 2024 жылы, ал газ құбырлары және электрмен жабдықтау жұмысы жыл соңына дейін аяқталуы қажет.
Сенат депуттары аудан әкіміне құрылыс барысын жіті бақылауды тапсырды.