Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі белгіленбеген орында салынған құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 шағынаудандағы базардың директоры белгіленбеген орында сауда жасаған тұлғаның үстінен әкімдікке арыз түсірген. Осыған байланысты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен учаскелік полиция қызметкері тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесіне сәйкес кәсіпкерге ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы белгiленбеген орындарда сауда жасау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
- Кәсіпкерге заңсыз сауда орнын алып тастау бойынша ескерту жасалып, 10 күн уақыт берілді. Жалпы бөлім мамандары тарапынан тұрақты түрде визуалды мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Осыған дейін мониторинг нәтижесінде «Толқын-2» шағынауданында топырақ төгіп іргетас құйған азаматқа ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүргізіледі, - деді Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Бегалы Қожахметов.