Ақтауда Қ.Сыдиықұлы атындағы облыстық әмбебап кітапханасында республикалық Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Турнирдің мақсаты - өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру, пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Турнирге аудан,қала,облыстық мамандандырылған мектептерден 9 қазақ, 4 орыс, 3 ағылшын командаларынан 32 оқушы қатысты.
Турнир қорытындысына сәйкес
қазақ тобы бойынша I орынды Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің «Шаңырақ» тобы Рахмет Алия, Қанатұлы Есбол, II орынды Ақтау қаласы, Ф. Оңғарсынова атындағы № 29 жалпы білім беретін мектептің «Тұмар» тобы Бекқали Аружан, Сүйеу Мадина, III орынды Мұнайлы ауданы, № 14 жалпы білім беретін мектептің «AQIQAT» тобы Бердибаев Алибек, Базарбек Нұрболат иеленді.
Орыс тобы бойынша I орын №1 мектептің «Freedom» тобы Саясат Мира, Сембаева Назерке, II орынды Жаңаөзен қаласы № 3 мектептің «Феникс» тобы Руслан Асылжан, Гасанбеков Эмирбахридин, ал III орынды Түпқараған ауданы, А.М. Горкий атындағы мектеп - лицейінің «SLG» тобы Серік Карина, Кенжебайқызы Саяжан алды.
Ағылшын тобы бойынша I орын - Ақтау қаласы, № 11 мектеп - лицейінің «Palm springs» тобы Мансурулы Гафур, Даутбаева Салтанатқа, II орын - Жаңаөзен қаласы, «Жаңаөзен «Білім - инновация лицей - интернатының» «Big babies» тобы Бақберген Айбек, Кенжеғали Нұрасылға, III орын - Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - гимназиясының Жүсіп Нұрдаулет, Алым Байсалға бұйырды.