Бұл туралы ол журналистермен бірге өткен «Әкіммен таңғы ас кезінде» айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бірінші және ең маңызды мәселе – коммуналдық сала екенін атап өтті.
-Адам үйіне келіп, суы, жарығы, жылуы бар екенін сезінуі керек. Екінші мәселе - бізді қоршап тұрған орта. Ол да өмір сүруге қолайлы болуы керек. Әр бір адам өз өмірін сапалы сүргісі келеді, - деді қала әкімі Ербол Ізбергенов.
Ал үшінші мәселе, қала әкімнің айтуынша, жолдағы қозғалыстың ыңғайлылығы мен қауіпсіздік. Оның үстіне алдағы уақытта автобустар үшін жолдарға жеке жолақ бөлу мәселесі де қарастырылмақ.