Ақтау бойынша ыстық сумен жабдықтау ашық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Бұл ыстық су тұтынушыларға жылумен жабдықтау жалпы жүйесінен жөнелтіледі деген сөз, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласы әкімі Ербол Ізбергенов коммуналдық желілер жай-күйі біраз жыл қордаланған мәселе екендігін мәлімдеді.
"Ақтау қаласын жобалау барысында сумен жабдықтаудың ашық жүйесі жасақталды. Мұндай жүйе сол тұста аса қажет болғанымен, бүгінгі таңда біздің сұранысымызға сәйкес келмейді. Біз Санкт-Петербургке іргелес екі қаланың тәжірибесін зерттедік. Онда қазандық жабдықтарын шығаратын зауыт орналасқан. Осы екі зауыттың иесі екі қаланың сумен жабықтау жүйесін ашық жүйеге алмастырған. Біз сол мамандармен арнайы кездестік. Әрине қымбат болғанымен біз үшін бұл жобаны жүзеге асыру аса қажет дүние. 1-шағын ауданнан 3-шағын ауданға дейінгі аралықтағы коммуникацияларды ауыстырып, қаланың жоғарғы бөлігіне дейін жетеміз. Республикалық бюджеттен қаржыландыру қарастырылуда. Жылыту маусымы аяқталысымен бастаймыз. Яғни сәуір айынан бастап 15 қазанға дейін аяқтауымыз керек", - деді Ақтау қаласының әкімі.