Ақтауда 15 шағынаудандағы теңіз жағасындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолда көлік құралын басқарған «Toyota Hilux» автокөлігінің жүргізушісі халықтың ашуына тиген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық полиция басқармасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы оқиғаны анықтаған.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жүргізушінің жеке басы анықтаған.
«Қазір 20 жастағы азаматқа ҚР ӘҚБтК-тің 596-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталды», - деп жазылған хабарламада.