Қала тұрғындары тариф бағасының көтерілуіне байналысты өтетін қоғамдық тыңдаудың барлық БАҚ беттеріне жарияланбағанына наразылық танытты. Сондай-ақ олар осындай жиындардың үнемі жұмыс уақытында өткізілетінін айтып шағым жасады. Жиналғандар «Маңғыстау Жарық» ЖШС басшылығының тарифтің көтерілу себебін түсіндіре алмағанына да наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нәтижесінде баяндама тыңдалғаннан кейін бірнеше минут өткен соң жиналғандар жай ғана тұрып, залдан шығып кетті.
Айта кетейік, бұл жолы келген адамның көптігі сонша, ұйымдастырылған мектептегі акт залға тұрғындар сыйған жоқ. Қоғамдық тыңдауға келгендер негізінен Мұнайлы ауданының тұрғындары болды.
Тұрғындардың бірінші шағымы – компания құрылтайшысының қоғамдық тыңдауға қатыспағаны.
- Біз құрылтайшыны, яғни тікелей ақшамыз кететін адамды көргіміз келеді. Директорлар үнемі өзгеріп отырады, бірақ құрылтайшы ғана өзгеріссіз қалады. Дегенмен біз оны ешқашан көрген емеспіз. Екіншіден, хабарландыру неге бір ғана газетке берілді? Неліктен барлық БАҚ-та алдын ала ескерту жасалмады? Бірнеше жыл бұрын "Маңғыстау жарық" наоыққа келгенде "Абай" мәдени-демалыс кешенінде жиналыс болып еді. Сол кезде жүздеген адам қатысты. Ал мұндағы зал – шағын. Сіздер не күттіңіздер? – деп сұрады тұрғындардың бірі.
Басқұдық ауылының тұрғыны 2013 жылдан бері электр қуатының тарифі алты еседен астам, 3,85 теңгеден 19,49 теңгеге дейін өскенін айтты.
Қазіргі таңда тұрғындар электр энергиясы үшін – 17,40 теңге, заңды тұлғалар – 21,38, бюджеттік ұйымдар – 68,68 теңге төлейді. Қарапайым тұрғындарды энергиямен жабдықтау тарифін 10 пайызға, заңды тұлғаларды 19 пайызға, бюджеттік ұйымдарды 54 пайызға көтеру ұсынылып отыр.
Жалпы орташа есеппен отбасы 200 кВт үшін айына 3898 теңге төлейтін болса, онда жоспарланған тарифтерді есепке алғанда, шығындар 389 теңгеге өсетіні есептелді. Ал заңды тұлғалар үшін – айына 2728 теңгеден.
Ал облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының жетекшісі Никар Рафикова электр энергиясы құнында электр энергиясы нарығын қалыпты ұстау сияқты бағанның мүлдем болмауы керек екенін айтады.
- Бұл шығындар мүлдем болмауы керек. Біресе бізде электр энергиясын өндіретін ядролық реактор бар, біресе тағы басқа мәселе. Енді – жарық. Бізде қуатты теңестіретін нарық жоқ, біз – біртұтас энергетикалық жүйенің бөлігі емеспіз. Мұны МАЭК-тегі апат көрсетті. Бізде инфрақұрылым жоқ. Жақында ғана үкімет бұл мәселені қарап, батыс өңірді желілер арқылы қосу туралы шешім қабылдады. Бірақ бұл қашан болады? Қазіргі уақытта бізде ешнәрсе жоқ. Бірақ біз оған ақы төлеп келеміз, - деді Никар Рафикова.
Сонымен қатар тұрғындар жариялаған бойкотқа қарамастан қоғамдық тыңдау өтті деп есептелді.