Ақтауда 1 мен 6 шағынаудан жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар жұмыстың басым бөлігі аяқталғанын айтты. Осыдан соң құбырға су толтыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы шағынаудандағы жылу желілеріндегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты қаладағы 2,4,5,6 шағын ауданның кейбір нысандарына жылудан уақытша шектеу қойылған болатын. Жөндеу жұмыстарын қадағалап отырған қала әкімі жұмыстың басым бөлігі аяқталғанын жеткізді.
-Жөндеу жұмыстарын арнайы авариялық бригада істеп жатыр. Ақаудың болған жерін көрсетсем, міне ескі құбырдың бірі тесілген екен. Құрметті 2,4,5,6 шағын аудан тұрғындары, қазір жөндеу жұмыстары бітуге жақындап қалды. 1 және 6 шағынаудандағы тесілген құбырды ауыстырды. Түсқайта құбырға су толтыру жұмыстары жүргізілетін болады. Жұмыстарды жүргізген «МАЭК» ЖШС, «КЖСА» МКК мамандарына рақмет, - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, қала әкімі 2024 жылы 1-6 шағынаудандарды жаңғырту (модернизация) аясында инженерлік желілерді кешенді ауыстыру жоспарланғанын жеткізді.