Ақтауда полицейлердің үсті жалаңаш адамды жерге жатқызып, аяусыз сабап жатқаны бейнежазбаға түсіп қалған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бейнежазбада ер адам аяғын баса алмайтынын айтып, қиналып жатқаны байқалады.
Ал бұл бейнежазбаны сол маңдағы үйдің жоғары қабатында тұратын тұрғын түсіріп алған. Үсті жалаңаш адамды екі полиция қызметкері аяусыз тепкілеп, артынша тағы да екі полицей алып кетуге тырысқан.
Тұтқындау барысында тәртіп сақшыларының бейәдеп сөз айтып, боқтағаны анық естіледі.
Өңірлік полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.