17-21 сәуір аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың Ақтаудағы қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиадаға облыс бойынша 30 оқушы қатысқан. 16 оқушы, яғни, қатысушылардың 53 %-ы жеңімпаз атанды. І орын - 4, ІІ орын - 4, ІІІ орын - 8 оқушы алды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орынды Ақшұқыр мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Тұрарбек Мерей, Қазақстан тарихы пәні бойынша І орынды Мұнайлы ауданы, Ш. Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Темірханова Айдана, Неміс тілі пәні бойынша І орынды Ақтау қаласы, мамандандырылған ІТ лицейінің 11-сынып оқушысы Аманша Сабина, Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орынды түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Жұмажан Амина иеленді.
Ал қазақстан тарихы пәні бойынша ІІ орынды Ақтау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жылқыбаев Олжас пен Мұнайлы ауданы, №8 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Эстурлиева Ақнұр, Құқық негіздері пәні бойынша ІІ орынды Бейнеу ауданы, Абай жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Нұрғабылова Лаура, Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәні бойынша ІІ орынды Ақтау қаласы, мамандандырылған ІТ лицейінің 11-сынып оқушысы Шукурова Лейли алды.
Ағылшын тілі пәні бойынша ІІІ орын түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Максатова Дильназ бен Ақтау қаласы №1 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Нысанбаева Заринаға, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының 11-сынып оқушысы Уалихан Арайлымға, қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәні бойынша ІІІ орын Мұнайлы ауданы, №1 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Истурған Каримаға, құқық негіздері пәні бойынша ІІІ орын Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының 10-сынып оқушысы Жолдасқызы Жаннұрға, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын Ақтау қаласы, мамандандырылған ІТ лицейінің 10-сынып оқушысы Литвиненко Владиславқа, орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәні бойынша ІІІ орын Ақтау қаласы, Н. Марабаев атындағы №7 лицейдің 10-сынып оқушысы Шайхутдинова Альбинаға, француз тілі пәні бойынша ІІІ орын Ақтау қаласы, Н. Марабаев атындағы №7 лицейдің 10-сынып оқушысы Бойко Викторияға бұйырды.
Ал қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәні бойынша қатысқан Ақтау қаласы, №21 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Қосай Ақбота мен Қазақстан тарихы пәні бойынша қатысқан Ақтау қаласы, Әл-Фараби қазақ ұлттық лицейінің 11-сынып оқушысы Зейнел Ерасылға грамота табысталды.
Биылғы республикалық пәндік олимпиаданың 2 бағытының (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика) қорытындысы бойынша барлығы 69 оқушы қатысып, 35 оқушы, яғни, 51% жеңімпаз атанды.