Ақтаудағы «Tetys Blue» жылы жағажайында «Тrail running» табиғи рельеф бойынша жүгіру марафоны аяқталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Демалыс күндері ұйымдастырылған жүгіру сайысына 280 адам қатысты. Ерлер арасындағы сында межені бірінші болып Жандос Жұмабаев бағындырды. Одан кейінгі орынға ақтаулық Руслан Аринов тұрақтаса, үшінші орынға қызылжарлық Әділ Канафин ие болды.
Әйелдер арасындағы марафонда Жадыра Иманбаева үздіктер көшін бастады. Мәреге екінші болып Александра Бекташева жетсе, Шахноза Ходжаниязова үшінші болып жарысты аяқтады.
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Мирамбек Мырзалиев бірінші орынға ие болды. Ал екінші болып Наби Орынбасар келсе, үшінші орынды Қуаныш Елубекұлы еншіледі.
Күз басталғалы бері Ақотауда 150 адамның қатысуымен веложарыс және 1000 адам қатысқан жүгіруден жартылай марафон өтті. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің мен «Kazakh Tourism» ҰК және облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуымен көптеген іс-шаралар жалғасын табуда.