Әлеуметтік желіде 31-шағынауданда орын алған жол-көлік апатының видеосы тарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Балалар 31б шағынауданында орналасқан мектепке бару үшін жолды кесіп өтеді. Бүгін кішкентай қызды қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік кағып кетті. Көлік жүргізушілері жылдамдықты асырып айдайды. 102-ге телеофон шалсақ, патруль жөнелтумен шектеледі. Бұның бір шешімі бар ма?",-деп ашынады тұрғындар.
Желі қолданушылары 31 және 31 б шағынаудандарын жалғайтын жол бойына "Сергек" бейнебақылау камерасын орнатып, жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмауды талап етуі тиістігін айтып, шағымдануда.