© aktauport.kz
Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 млн АҚШ доллары болатын мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнай терминалының ауданы - 134 гектар.
Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген.
Анықталғандай, 2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған.
2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.