Ақтауда «Ай-шуақ» қайырымдылық қоры облыстық балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі 120 балаға жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мерекелік кеште маңғыстаулық танымал әншілер өнер көрсетті, балалардың сүйікті кейіпкерлері қызықты ойын ойнатты. Сонымен қатар шараға қатысқан балалар да өз өнерін паш етті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік шараға "Serene Oil" ЖШС, "WestDala" ЖШС, "Ханшайым" тондар дүкені, "АсылТрансГруп", "Сұлтан мебель", "Интеллектум" мектебі және Толғанай Қонарбаева, Тұрсынгүл Жақыпова, "Саламатты Ел" ҚБ, Гаухар Амирова студиясы, Айша сарайы мейрамханасы демеушілік көрсетті.
Шара соңына қордың демеушілері балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. "Ай-шуақ" қайырымдылық қорының жетекшісі Шынар Құрмет азаматтық қоғамның дамуына үлес қосып жүрген демеушілерге Маңғыстау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбасаровтың алғыс хатын табыстады.
Жаңа жылдық көңіл-күйге бөленген балалар қуанышын жеткізіп, алғысын білдірді.