Қайырымдылық акциясы қарттар үйінен бастау алды. Маңғыстау облысының ҚАЖД № 43 мекемесінің 10 қызметкері қарттар үйінің аумағын тазалады. Олар көгалдарды тазалап, ағаштарға күтім жасады, қоқыстарды жинап, өзге де маусымдық жұмыстарды орындады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Жаңа жыл қарсаңында офицерлер қариялар үйіне көмектесуге, олардың тұрағын жайлы етуге шешім қабылдады. Біз бұл мекемемен үнемі байланыстамыз. Зейнеткерлер қамқорлық пен қолдауды қажет етеді. Олар аулаға шығып, көгалда серуендеп, таза ауамен дем алып, әдемі гүлдер мен әсем ауланы тамашалайды Мұндай көмек біз үшін қиын емес. Бұған дейін көктем мен жаз мезгілінде тазалық жұмыстарын жүргізген едік, - деді Маңғыстау облысының ҚАЖД №43 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы Ербол Асанбаев.
Айта кетейік, жыл басынан бері қарттар үйінің аумағында №43 мекеме қызметкерлері 5 сенбілік өткізді.