Ақтау қалалық сотында жануарға қатыгездік көрсеткен азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотталушы О. 2022 жылдың қазан айының 4 күні кешкі сағат 22:00 шамасында қасындағы серіктерімен мысықтың басына секіріп, оны жарақаттаған болатын. Прокурор сотталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот барысында айыпты О. өзінің кінәсін толық мойындады және оған бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Жануардың мертігуіне әкеп соққан әрекеті үшін оған 1 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, сол мерзімге дейінге бас бостандығынан айыруға, жазаланады белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен 2 жылға дейін айналысуға тыйым салу ұсынылды.
"Сотталушының кінәсі жауап алу хаттамасымен, бейнекамераға жазылған бейнежазбамен, ветеринардың қорытындысымен дәлелденді. Сот сотталушы О-ның қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін, кінәні мойындау, шын жүректен өкіну деп таныды. Жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән - жайлар анықталған жоқ", - делінген сот хабарламасында.
Сот үкімімен азамат О. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.