Ақтауда 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай шахматтан жасөспірімдер арасында қалалық турнир өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, теңіз жағасында ұйымдастырылған жарысқа 33 спортшы қатысты. Шара «Біз спорт үшін есірткіге қарсымыз» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Жарыс жеңімпаздары дипломдармен және медальдармен марапатталды.
-Шараның мақсаты - бұқаралық спортты дамыту. Жарысқа 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Барша қазақстандықтарды 1 мамыр бірлік күнімен құттықтаймын, - деді «Біз спорт үшін есірткіге қарсымыз» қоғамдық қорының жетекшісі Роман Оразымбетов.
Жарыс қатысушылары жас санаттары бойынша марапатталды.
Атап айтқанда:
«Абсолют»
І орын - Сардар Қуанышқали
ІІ орын - Манап Шайхымов
ІІІ орын - Ерасыл Аманша
14 жасқа дейінгі
І орын - Біржан Арманов
ІІ орын - Арман Берік
ІІІ орын - Уәли Теміржан
12 жасқа дейінгі
І орын - Әбубәкәр Сағынғали
ІІ орын - Айлин Мұхамбет
ІІІ орын - Зарема Узбекова
10 жасқа дейінгі
І орын - Мурад Гушанов
ІІ орын - Арлан Аймағанбет
ІІІ орын - Сафина Девятко
Қыздар арасында
І орын - Ақсындар Талап
ІІ орын - Фатима Талғатова
ІІІ орын - Малика Исмагулова