Бүгін Ақтауда 25 қазан Республика күні қарсаңында денсаулық сақтау саласының үздіктері марапатталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Салтанатты жиында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев денсаулық сақшыларын мерекемен құттықтап, оларға төсбелгілер табыстады.
Ұлықбек Тінәлиев өз сөзінде Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін беру маңызы жөнінде ой қозғап, мән-мазмұны зор мейрамның ұлттық құндылықтарымыз бен дәп-дәстүріміздің, туған тіліміздің мерейін өсіреріне сенім білдірді. Сондай-ақ ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне өз үлесін қосқан дәрігерлерге денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруде атқарып келе жатқан еселі еңбегін үшін алғысын білдірді.
Басқосуда Марзия Коренских, Мейрамгүл Айтмағамбетова, Гүлшара Арыстанғалиева, Нұрсұлу Қалжігітіоваға, Самиға Айбарова, Шәрипа Жақсымбетова “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды. Бұдан бөлек өңірдің медицина саласының дамуына үлес қосқан бірқатар дәрігерлерге “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” және “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісі табысталды.