Бүгін, 22 тамыз күні Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметіне 29 шағын аудан, 24 үйде өрт оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер көп күттірмей, жылдам жеткен. Олар көпқабатты тұрғынүйдегі ер адамды терезе арқылы шығарып алған. Өзге зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша кейінірек нақты ақпарат беретінін мәлім етті.