Бүгін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқа табыстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
-Бүгінгі күн - салтанатты күн деуге болады. Адамның ең бірінші міндеті - өмірге ұрпақ алып келу. Балаларыңыз саналы, салиқалы болып өсе берсін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Сіздердің еңбектеріңіз - елімізді дамытуға қосқан үлкен үлес, сол үшін сіздерге рақмет!,-деді қала әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов.
Айта кетейік, іс-шарада барлығы 27 ана марапатталды. Оның 7-еуі - алтын алқа, ал 20-сы - күміс алқа иегері атанды. Жиын соңында аналар естелік суретке түсіп, алғыс білдірді.