Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай аймақтағы экологиялық жағдайға ерекше тоқталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
-«Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру» I кезең» жобасы бойынша рекультивация жұмыстары жалғасуда. 2022 жылға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылған (3 млрд.теңге). Қазіргі таңда 253 гектарға рекультивациялау жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 706 гектар жоспарлануда. Жалпы жоспарланған жұмыстарды аяқтау арқылы 105 млн.тоннадан астам қалдықты, оның ішінде 52 млн.тоннадай әлсіз радиоактивтік қалдықтарды көмуге мүмкіндік болады,-деді Нұрдәулет Қилыбай.