Ақтауда 25-27 қараша аралығында қолөнершілер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Үш күндік жәрмеңке аясында балалар мен ересектерге арналған 17 тегін шеберлік сабақ өтті. Сондай-ақ, Маңғыстау аудандары және басқа да қалалардан келген шеберлер өз жұмыстарын көрсетті.
Ал жәрмеңкенің басты ерекшелігі - ата-бабаларымыздан қалған әдіспен жасалатын қолөнер бұйымдары сатылымға қойылды.
Іс-шарадан бөлек, дизайнер-зергер, ҚР суретшілер кеңесінің мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері Сержан Башировтың 19 ғасыр бұйымдарының көрмесі өтті.
Ұйымдастырушы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі атап өткендей, іс-шараның басты міндеті қолөнершілікті насихаттау, оны еліміздің өңірлерінде жандандыру.
Жәрмеңке облыстың түкпір-түкпірінен 70-тен астам шеберді біріктірді. Себебі көп қолөнершілер аудандарда тұрады. Сондай-ақ, жоба аясында ойын-сауықтық бағдарлама қарастырылды.
Іс-шара «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының, Маңғыстау облысының Іскер әйелдер кеңесінің, Маңғыстау облысының қолөнершілер одағының, «Бір ауыл бір өнім» пилоттық жобасының қолдауымен ұйымдастырылды.