Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ ауылында ұйымдастырылған Наурыз мерекесінде «Жақсы келін - ырысың» атты келіндер байқауы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайысқа 5 келін қатысты. Байқау алты кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, келіндер таныстыру, сұрақ-жауап, ұлттық тағам дайындау, шеберлік, ұлттық киім үлгісі және өнер бағыты бойынша бақ сынады.
- Байқаудың мақсаты - ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дәріптеу. Келіндер байқауына ауылымыздағы балабақша қызметкерлері қатысты. Барша ақтаулықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын, - деді байқау ұйымдастырушысы Бибігүл Сейтова.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды:
І орын - Жадырасын Қарабекова
ІІ орын - Ақмоншақ Қайрыллаева
ІІ орын - Асемай Қуанышбаева
ІІІ орын - Айжан Алдамжарова
ІІІ орын - Мейірхан Оңғарбаева