Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес газ құю бекеттері, супермаркет желілері мен тамақтану орындарының иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілеген Едігеев, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрсейіт Айладыр және бөлім қызметкерлері қатысты. Жауаптылар қала аумағындағы газ құю бекеттері, супермаркет желілері және 7А шағын ауданындағы тамақтану орындарында тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
-Жаз мезгілінде қалаға келетін қонақтар саны жыл сайын артып келеді. Осы ретте кәсіпкерлік нысандардың тазалығы маңызды. Кәсіпкерлік нысанның автомобиль жолына дейінгі аумағын қоқыстан тазалау қажет. Абаттандыру және жарықтандыру мәселесін де қарастырыңыздар, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілеген Едігеев.