Ертең Ақтауда “Маңғыстау – машайықтың басқан жері” атты айтыс ақындары мен дәстүрлі өнер өкілдері арасындағы республикалық командалық айтыс өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Командалық айтысты ақтаңгер айтыс ақыны, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев жүргізеді. Ақын Жүрсін Ерман төрағалық ететін қазылар алқасының құрамында елімізге белгілі дәулескер күйші Жанғали Жүзбай, айтыскер ақындар Қойлыбай Даулетқанұлы, Серік Құсанбаев, Елмұра Жаңаберген, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, Айтуған Ырысалды сынды өнер қайраткерлері бар.
Айтыстың алғашқы кезеңінде әр команда өздерін кезек-кезекпен таныстырады. Өнер көрсететін 1 жұп – түре айтыс, 2 жұп – сүре айтыс, 3 жұп – қайым айтыс, 4 жұп – өтірік өлең айтысы бойынша бақ сынасады.
Бұдан бөлек өнер көрсететін жыршыларға 10 минуттан уақыт беріледі. Термешілер 1 термеден орындайды. Әр күйші 1 күйден орындап, 2-ші кезегінде күй тартыс жасайды. Ал дәстүрлі әншілер 1 әннен орындайды.
Айтысқа Нұрлан Мұсаев, Зейнетолла Қосымбаев, Абай Жолмағамбетов, Жансейіт Әбіш, Жанболат Алиев, Бейбіт Байжігіт, Ақылбек Тасқара, Оспан Құлсымақ, Жәнібек Жұмабаев, Нұрым Асқанов, Шалқарбай Ізбасаров, БАймұрат Кеңес, Серікбол Панабердиев, Амангелді Панаберді, Батыржан Кәдірбай, Манарбек Дәулетов, Бақытбек Сарсенов, Жәнібек Жәмиев, Берік Амантаев қатысып, өзара бақ сынайды.
Мәдени іс-шара 12 шілде күні сағат 15:00-де Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының үлкен залында өтеді. Кіру тегін.