Ақтауда ер адам төртінші қабаттан төсек жаймасымен сырғып түсемін деп құлап кеткенін хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ішімдік ішкен ер адам төсек жаймасын терезеге байлап, сол арқылы төмен түсемін дегенде жайма жыртылып кеткен.
Көршілерінің айтуынша, зардап шеккен ер адам жалғыз тұрады.
– Бұрын оған бірге ішімдік ішетін «достары» үнемі келетін. Түнде пәтерден айғай-шу көп естілетін. Полицияға бірнеше рет қоңырау шалдық, дейді тұрғындар.
Дәрігерлердің айтуынша, жарақат алған ер адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Бұған дейін Ақтаудың 13-шағын ауданындағы үйлердің бірінде оқыс оқиға орын алып, ер адам төртінші қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.