Ақтаудың 15 шағын ауданы маңында өзіне қол жұмсамақ болған әйел адам құтқарылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz 112_aktau парақшасына сілтеме жасап.
Куәгердің баяндауы бойынша «Тас самалы» маңында өзіне қол жұмсамақшы болған әйел адам теңізден шығарылған.
Құтқарушылардың бірі арнайы жасақтың өкілі, екіншісі полицей қызметкері болып шықты.
Куәгердің айтуынша құтқарылған әйелге жедел жәрдем қызметі шұғыл көмек көрсетіп, аман алып қалған.