Бүгін Ақтаудағы екі шағынауданның тұрғындары ауыз сусыз қалады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ауыз су 18 шағынаудан «Самал» тұрғын үй кешеніндегі жөндеу жұмыстарына байланысты берілмейді.
- Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ауыз су берілмейді. 18 шағынаудан барлық үйі және 20 шағынаудандағы «Ақ Кетік» тұрғын үй кешенінің № 5, 7, 8, 16, 17 үйлеріне ауыз су беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды «Каспий жылу, су арнасы» РМК.